Шакира үшін Бішкекке барамыз: шетелдік билет сатып алушылардың арасында қазақтар көш бастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Будапештте туристік қайық аударылып, кем дегенде жеті адам суға кетті

Будапештте туристік қайық аударылып, кем дегенде жеті адам суға кетті

29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан. 20 адам іс-түссіз жоғалып кетті. Жеті адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Бортта болғандар саны түрліше айтылады. Полиция дерегінше, қайықта 33 оңтүстіккореялық турист отырған. Қайық иесі "32 жолаушы мен екі венгриялық экипаж мүшесі болды" дейді.

Оңтүстік Кореяның Будапешттегі елшілігі суға кеткендерді шығаруға, аман қалғандарды құтқаруға көмектескен.

Қайық аударылған күні қалада қалың нөсер жауып тұрған. Reuters агенттігі кеменің парламент ғимаратына жақын маңда аударылғанын, оны басқа бір қайық соққанын жазды. Hableany кемесінің иесі Index.hu сайтына "борттың қала ішіндегі әдеттегі экскурсия кезінде аударылғанын" айтқан. Аударылған қайықта 60 адамға орын болған.


Azattyq
Автор
Бауыржан