Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

British Airways ұшақтары Пәкістанға қайта ұша бастады

British Airways ұшақтары Пәкістанға қайта ұша бастады

British Airways әуе компаниясы ұшақтары он жыл үзілістен кейін Пәкістанға қайта ұша бастады. Компанияның BA261 рейсі 2 маусымда Лондонның Хитроу әуежайынан Исламабадқа ұшып шықты. Сайттағы ақпаратқа қарағанда ұшақ Исламабад халықаралық әуежайына 3 маусымда қонады.

Ұлыбританияның Пәкістандағы елшісі Томас Дрю бұл күнді Британия мен Пәкістан үшін "маңызды күн" деп атаған.

British Airways компаниясы Пәкістанға әуе қатынасын 2008 жылы тоқтатқан. Сол жылы Исламабадтағы Marriott қонақ үйінің жанында автокөлікке орнатылған бомба жарылып, 50-ден аса адам қаза болған.

Былтыр желтоқсанда британ әуе компаниясы маусымнан бастап Хитроудан Пәкістан астанасына аптасына үш рет ұшақ ұшатыны туралы хабарлаған.


Azattyq
Автор
Бауыржан