KZNews.kz
Спорт

Боксшы Нұрбек Оралбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты

Торғын Абушахман

Оның қарсыласы жарақатына байланысты шаршы алаңға шыққан жоқ

Бокстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Kznews.kz

3 шілдеде ол 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Лакшья Чахарамен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Осылайша, Оралбай жартылай финалға жолдама алды.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →