World Boxing News басылымының мәліметінше, спортшы 17 қазанда Ресейдегі үйінде көз жұмған.
Ресейлік белгілі боксшы, «Орыс Тайсоны» лақап атымен танылған Денис Бойцов 40 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның қайтыс болғанын әкесі растады. Өлімге 2015 жылы алған ауыр жарақаттарының асқынуы себеп болған.
Денис Бойцовтың өмірін түбегейлі өзгерткен оқиға 2015 жылдың мамырында Германияда болған. Сол кезде 29 жастағы боксшы Берлин метросындағы «Бисмаркштрассе» және «Вильмерсдорфер-штрассе» станцияларының арасындағы теміржол бойынан ес-түссіз күйде табылған.
Оның басы мен қолынан ауыр жарақат алғаны анықталған. Осы оқиғадан кейін боксшы жүріп-тұру және сөйлеу қабілетінен айырылып, тұрақты күтімге мұқтаж болған.
Кәсіби мансабында Денис Бойцов 37 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен. Ол ауыр салмақтағы болашағынан зор үміт күттірген боксшылардың бірі саналған.
Алайда 2015 жылғы қайғылы оқиғадан кейін спортшы кәсіби мансабын жалғастыра алмады.