V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Автогол, қызыл қағаз және жоғалған ұпай: Шымкентте "Ордабасы" үмітті ақтамады

Автогол, қызыл қағаз және жоғалған ұпай: Шымкентте "Ордабасы" үмітті ақтамады
Фото: kazfootball.kz

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 29-турында астаналық «Жеңіспен» 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже алматылық «Қайраттың» чемпиондық үшін күресті жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды.

Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өткен кездесудің бірінші таймында екі команда да есеп аша алмады. Ал екінші тайм бастала салысымен алаң иелері өз қақпасына гол өткізіп алды. 46-минутта Адилионың қақпа алдындағы пасынан кейін доп Ги-Марселин Киламаға тиіп, қақпаға кірді, деп хабарлайды kznews.kz.

66-минутта «Ордабасы» ойыншысы Әмір алаңнан қуылып, шымкенттіктер он ойыншымен қалды. Соған қарамастан, төрт минуттан кейін Эльхан Астанов есепті теңестірді. Қалған уақытта таблодағы нәтиже өзгерген жоқ.

Осы матчтан кейін «Ордабасының» ұпайы 68-ге жетті. Шымкенттік клуб 63 ұпайы бар «Қайраттан» бес ұпай алда келеді. Алайда алматылықтардың бір ойыны кем, сондықтан чемпиондық тартыстың тағдыры әлі шешілген жоқ.

Ал «Жеңіс» 33 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында тұр.

«Ордабасы» — «Жеңіс» 1:1 (0:0)
Голдар: Килама, 46-минут, автогол (0:1), Э. Астанов, 70-минут (1:1).
Алаңнан қуылды: Әмір, 66-минут.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.