KZNEWS.KZ
Мәдениет

«Боқ сөз иегері»: «Жаңа адамдар» Төреғали Төреәліні жүлдесін алуға шақырды

• Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Қозғалыс таратқан мәлімдемеде әншінің әлеуметтік желіде жариялаған бірқатар пікірі келтірілген, деп хабарлайды kznews.kz. Олардың арасында «Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді» және «Әйел деген — ақшаға толы чемодан сияқты: ұстап жүрейін десең, ауыр, тастап кетейін десең, қимайсың» деген сөздер бар.

Белсенділер мұндай теңеулерді жай әзіл деп қабылдамайды. Олардың пікірінше, әйелді затқа теңеу және мәселенің шешімін оның шешінуімен байланыстыру адамдық қадір-қасиетке құрметсіздікті көрсетеді.

Антижүлденің идеясы да әншінің кәсібімен байланысты. Қозғалыс өкілдері сахнаға микрофон ұстап шығатын адамның көпшілікке айтатын сөзі үшін жауапкершілігі болуы керек екенін алға тартады.

«Жаңа адамдар» өкілі Шынар Сұлтанбай танымалдық кез келген пікірді ақтап ала алмайтынын айтты.

«Үлкен аудитория – тек танымалдық емес, айтқан сөзің үшін жауапкершілік. Мыңдаған лайк әр пікірді жөнді етпейді», — деді ол.

Оның сөзінше, теңдік пен өзара құрмет туралы ұстанымдар күнделікті қарым-қатынастан көрінуі қажет.

«Біз Әділетті Қазақстан, теңдік пен өзара құрмет туралы айтамыз. Бірақ мұның бәрі ең алдымен бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыздан және қандай сөздер мен әрекеттерге жол беретінімізден басталады», — деп мәлімдеді Шынар Сұлтанбай.

Қозғалыс Төреғали Төреәліні Алматыдағы Көккинаки көшесі, 7 мекенжайында орналасқан кампусына шақырды. Белсенділердің айтуынша, антижүлде әншіні сол жерде күтеді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →