Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Блогер қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде "ваннаға түскен"

Блогер қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде "ваннаға түскен"

Блогерлер Талғар қаласының орталығында көлік ұтысына қатысу үшін ойын ұйымдастырып, әлеуметтік желіге бейнежазба жариялаған.


Кадрларда әкімдік алдындағы алаңдағы жаяу жүргіншілер өткелінде жас жігіттің ваннада жатқан бейнесі көрсетілген.

2 ақпан күні сағат 23.00 шамасында болған оқиғаға Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов түсініктеме берді. Оның айтуынша, 24 жастағы жергілікті тұрғын орталық көшедегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысына кедергі келтірген.

"Бұл оқиғаға қатысы бар басқа қатысушылар да анықталып, ұсталды. Аталған іс аудандық полицияда тіркелді және қозғалысқа кедергі жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар жасалды", - деді Аленов.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс материалдары кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді.

Артынша құқықбұзушының қала тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұраған видеосы жарияланды.



Автор
Данияр