Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды

Бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды


Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.


Ол өз жазбасын "Мен Қазақстаннанмын!" деп бастады.

"Қазақстанда маған ұнайтын өзгерістер жүріп жатыр, ең жылдам цифрлық трансформация жүріп жатыр, бұл бізге холдинг командасымен әлемдегі ең озық финтек өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстан өзінің бейбітсүйгіш, қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді, әділ мемлекет құра алатынына сенемін. Соған кәсіпкер ретінде өз үлесімді қоса аламын деп сенемін", – деп жазды Турлов.

Кәсіпкер қазақ тілін үйренуді де жоспарлап отырғанын атап өтті.

Тимур Турлов 2022 жылдың мамырында Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы жетінші ең бай бизнесмен атанды.  Оның байлығы 2,2 миллиард долларға бағаланады.



Автор
Айбар