"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Біз де адам баласымыз»: Қаржы министрі ипотекасы барын айтты

«Біз де адам баласымыз»: Қаржы министрі ипотекасы барын айтты

Мәжіліс отырысынан соң вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистерге қарызға ақша алғанын, ипотекасы барын айтты.

Біз де адамбыз ғой. Сондықтан қарыз, кредит, ипотека аламыз. Алайда нақты сомасын айта алмаймын. Өйткені, ол банк құпиясы болып саналады. Дегенмен менің төлеп жатқан ипотекам бар, - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдады.

Әр жылдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарушы директоры, Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бақылау бөлімі бастығының орынбасары, кейіннен бөлім бастығы болды.

2018-2019 жылдары Президент көмекшісі болып жұмыс істеді.

2019 жылғы 22 наурызда Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

2020 жылғы мамырдан Қаржы министрі қызметін атқарып келеді.

2022 жылдың наурызында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

Автор
Нұрсұлтан