Биыл айлардың сұлтаны — Ораза қашан басталатыны және басқа да мұсылман мейрамдарының қашан өтетіні туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.
— ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер күнтізбесін бекітті. Хижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде айқындалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айды бақылауға байланысты көрсетілген мерзімнен бір күнге ертерек немесе кешірек болуы мүмкін екенін ескертеді, — делінген хабарламада.
Ұсынылған күнтізбеге сәйкес, Ораза ұстау (қасиетті Рамазан айының бірінші күні) 19 ақпанда басталады, Қадір түні — 16-нан 17 наурызға қараған түні өтеді, ал Ораза айт мейрамын мұсылмандар 20 наурызда атап өтеді.

2026 жылы Құрбан айт мейрамын мұсылмандар 27–29 мамыр аралығында тойлайды.