Степногорск қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың үшінші рет үйленгені туралы ақпарат тарады. Аноним дереккөздер оның жаңа жұбайымен ұзақ мерзімді кездесулер өткізіп жүргенін мәлімдеген, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл ақпаратқа қатысты Azattyq Rýhy редакциясы Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа жүгінген.
Алайда ол жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, журналистер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдағанымен, әзірге нақты жауап алынбаған.
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған. 2024 жылдың мамыр айында ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған.