Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бішкекте жемқорлыққа қарсы митинг өтіп жатыр (видео)

Бішкекте жемқорлыққа қарсы митинг өтіп жатыр (видео)

Бішкекте "Медиа форум" ғимараты алдында жемқорлыққа қарсы митинг өтіп жатыр. Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының саяси кеңесінің мүшесі Адил Турдукуловтың айтуынша, митингке қатысушылар елдегі жемқорлыққа қарсы шараның тек "белгілі бір тұлғаларға қарсы" (олардың арасында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пен оппозициялық көзқарастағы бірқатар тұлғалар бар) жүріп жатқанына наразылық білдірген. Шараға Алмазбек Атамбаев пен партияға мүше парламент депутаттары қатысып жатыр. Азаттықтың Қырғыз қызметі шарадан тікелей эфирде хабар таратып жатыр.

Қазіргі кезде елдің түрлі саласын басқарған бірқатар шенеунік түрлі айыптармен қамалған. Атамбаевтың жақтастары олардың саяси қуғынға ұшырап жатқанын айтады. 25 мамырда Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның социал-демократиялық партия төрағалығы мен мүшелігінен кеткен.


Azattyq
Автор
Мадияр