Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бірыңғай төлем жүйесі туралы заң қабылданды

Бірыңғай төлем жүйесі туралы заң қабылданды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ҚР “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңына қол қойды.

Бұған дейін Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының екі оқылымда мақұлданғаны хабарланған еді.

Заң жобасы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін формализациялау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Өзгерістер мен толықтырулар 3 кодекске (Салық, Кәсіпкерлік, Бюджет кодекстері) және 19 заңға енгізіледі. Заң жобасының негізгі жаңалығы – бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап салық органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін жаңа құқықтық режим – Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу.

27 желтоқсан күні Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ҚР “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңына да қол қойды.

Дереккөз: Baribar.kz
Автор
Санжар