“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 2023-2024 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.


Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, ҚР Жоғары оқу орындарының ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Атап өтсек, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Педагогикалық, инженерлік, IT  мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдары бойынша Атырау облысына – 1500, Маңғыстау облысына – 1500, Ұлытау облысына – 300, Жетісу облысына – 300, Абай облысына – 500, Шымкент қаласына – 400, Түркістан облысына – 500 грант берілді.

Білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/503460?lang=ru

Автор
Айбар