«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бетімді жуған жас құлағымды бітеп, тамып жатты" - Тамара Асар жантебірентерлік жазба жариялады

"Бетімді жуған жас құлағымды бітеп, тамып жатты" - Тамара Асар жантебірентерлік жазба жариялады

Отандық әнші Тамара Асар осыдан екі жыл бұрын ана атанып, өмірге қыз әкелген болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, бүгін қызы екі жасқа толған. Осы орайда Тамара Асар ең алғаш қызын кеудесіне басқан сәтті еске алды.

"Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой. Құбылаға қарап жайған алақанымды Құдай бос қайтармады, шүкір! Ажартайды босанған бойда дәрігер әкеліп, кеудеме баланы қоя салып, омырауды алуды үйретті. Өзім дірілдеп жатып, көзімнің жасымен жарысып, ыңылдаған әлди әнімді айттым. Бір Алланың бергені, Бапасынан көргенім. Аққамбарға ергенім, Жүгіріп-жүгіріп тергенім дееп шалқамнан жатып қайталай бердім. Бетімді жуған жас құлағымды бітеп, тамып жатты", - деп жазды Тамара Асар.

Естеріңізге сала кетейік, 45 жасында ана атанған Тамара Асар жүктілігі жайлы айтуға ұялғанын айтқан болатын. 

фото: ғаламтордан

Автор
Айбар