Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бет-аузы көгерген": Маңғыстаулық мұғалімдер зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан видеосы тарады

"Бет-аузы көгерген": Маңғыстаулық мұғалімдер зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан видеосы тарады

Ақтауда №23 мектеп мұғалімдері зорлық-зомбылыққа қарсы акция аясында беттеріне соққы іздерін бейнелейтін грим жасап, үнсіз бейнеролик түсірді. Күтпеген формат қоғамда кең талқыланып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

№23 мектептің мұғалімдері бет-әлпетіне соққы іздерін, көгерулер мен жарақаттарды бейнелейтін гриммен жұрт алдына шықты.

Видеодағы шынайы көрініс емес, грим. Бәрі видеоролик үшін жасалған екен. Бұл тұрмыстық және цифрлық зорлыққа қарсы халықаралық акция, "Зорлықсыз 10 күн" жобасының бөлігі. 

Білім басқармасының айтуынша, барлық мектепте осындай акция болды, бірақ №23 мектеп басқаша форматты таңдаған көрінеді.

Дәстүрлі форматтардан бас тартқан педагогтер сөзсіз түсірілген бейнеролик арқылы зорлық-зомбылыққа төзіп жүрген әйелдердің қандай күйге түсуі мүмкін екенін жеткізуді мақсат етті.

Бейнеролик Ақтау қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы филиалының бастамасымен дайындалған.

"Біздің бейнеролик жеке шекара, құрмет және жауапкершілік туралы әңгіме. Біз зорлық-зомбылық тақырыбына формалды емес, шынайы әрі байыпты көзқарас қалыптасуын қаладық", – деді бастама авторлары.

Маңғыстау облысының білім басқармасы бейнеролик форматы алдын ала талқыланып, келісілгенін растады. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видео көп қаралым жинады. Пікірлерге қарағанда, ата-аналар мұғалімдердің бастамасын оң қабылдаған, ал қоғам тарапынан өткір сын айтылмаған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.