Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бесбаев: Қанша биік көтерілсең де қарапайымдылығыңды, қазақылығыңды ұмытпадың

Бесбаев: Қанша биік көтерілсең де қарапайымдылығыңды, қазақылығыңды ұмытпадың

Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Сәкен Майғазиевке жүрек жарды жазбасын арнады. Әншінің әріптесіне бағыттаған құттықтауы жұртты сүйсіндірді.

«#Өнер адамы үшін ең үлкен алғыс, ол халықтың қошеметі. Сәкеш @saken_maigaziyev сен алты алаштың қошеметіне ие болып, бар қазақтың құрметін көріп келесің. Қанша биік көтерілсең де, қарапайымдылығың мен қазақылығыңды ұмытпадың. Әрбір жылдың басын саған жақсы тілек айтумен бастау, біздің #МузАРТ ұжымы үшін қалыптасқан қағида іспетті. Ендеше сол дәстүрді бұзбай, бүгінгі дүние есігін ашқан күніңмен құттықтаймын. Алар асуларың аласармасын. Өзіңе қарап бой түзейтін, сені үлгі тұтатын шәкірттерің көп болсын. Туған күніңмен, Сәкеш», - деп жазды әнші.

Желідегілер де әншіні жарыса құттықтап жатты.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Сәкен Майғазиев жаңа лауазымды қызметке тағайындалып, Шымкентке көшті.

Автор
Айбар