Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Берік Уәли: Құсбегіліктен кем дегенде екі алтыннан үміттіміз

Берік Уәли: Құсбегіліктен кем дегенде екі алтыннан үміттіміз
Жарыстың ашылуында федерация президенті Берік Уәли көптеген шетелдік спортшының ойындарға қатысуы жоғары мәртебе екенін әрі жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
«Көшпенділер ойындарына көптеген шетелдік қонақтардың келгенін көріп отырмыз. Бұл тек спортқа деген қызығушылық қана емес, сонымен қатар ғасырлар бойғы көшпенділер мәдениетіне деген сүйіспеншілік, шынайы жанашырлық пен құрметтің белгісі. Бұл біздің ежелгі түркі спорт түрлерін насихаттау барысында дұрыс бағыт алғанымыздың айғағы. Дүбірлі додадан Қазақстан қоржынына кем дегенде екі алтын түседі деген үміт бар», — деді Құсбегілік федерациясының басшысы.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Сондай-ақ, Берік Уәли төрешілерден әділ төрешілік деңгейін қамтамасыз етуді сұрағанын, әзірге ешқандай шағым түспегенін атап өтті. Айта кетейік, сайыстарда Қазақстаннан 6 төреші, Қырғызстаннан 2 және Моңғолия мен Ресейден бір-бір төрешіден қызмет етеді.
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары