KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Бензиннің ізі бар”: Өрттен 5 адам қаза болған оқиғаға қатысты тың деректер шықты

• Айжан Сыланова
Фото: zakon.kz

Алматыдағы бес адам қаза тапқан өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Қаза тапқандар арасында 64 жастағы әйел, оның 41 жастағы қызы және 2017 жылы туған қыз бала бар. Сондай-ақ Өзбекстанның екі азаматы көз жұмған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған қоса, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. Кадрларда қара күртеше мен сұр бас киім киген әйелдің өртке дейін бірнеше минут бұрын ғимаратқа кіріп, көп ұзамай қайта шыққаны көрінеді. Арада аз уақыт өткен соң үйден түтін байқалған.

Қазір әйелдің жеке басы анықталған. Тергеушілер оның осы үйде тұрған ер адамдардың бірімен бұрын қарым-қатынаста болған-болмағанын тексеріп жатыр. Оқиғаның қызғаныш немесе кек алу себептерінен болуы мүмкін деген болжам да қарастырылуда.

Аталған жайттар әзірге тергеу барысында тексеріліп жатқан болжамдар мен анықталған деректер. Өрттің нақты себебі мен оған қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесінде беріледі.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →