"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйға тартылды

Бекзат Нұрдәулетовке пәтер сыйға тартылды

Әлем кубогының жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетовке Жаңаөзен әкімі Жансейіт Исаханұлы пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды Kznews.kz

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды.

«Құрметті Жансейіт Исаханұлы! Бүгін пәтердің кілтін табыстағаныңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – алдағы Әлем чемпионатына дайындықтағы үлкен қолдау әрі зор мотивация. Сіздің спортқа деген ерекше жанашырлығыңыз жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Бүгінгі құрметіңіз барша Жаңаөзен халқының демеуін сезінуге себеп болды. Алла Тағала еңбегіңізге береке беріп, деніңізге саулық, жұмысыңызға сәттілік нәсіп етсін!», — деді Бекзат Нұрдәулетов.

1bol.kz сайтының мәліметінше бұған дейін Маңғыстау облысы бокс федерациясының президенті Асқарбек Керелбаев чемпионды жеңісімен құттықтап, оған 10 миллион теңгенің сертификатын табыстаған еді.

Айта кетері, World Boxing Cup турнирінде 85 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда үндістандық Джугну Альватаны 5:0 есебімен айқын жеңіп, алтын медальді иеленді. Ол алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді.

Ол 2019 жылы әлем чемпионы атанып, 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.