Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов эвакуациялық пункттер мен көліктерді дайындауды тапсырды: Қазақстанда жақында не болады?

Бектенов  эвакуациялық пункттер мен көліктерді дайындауды тапсырды: Қазақстанда жақында не болады?
Фото Depositphotos.сom

Алдағы күндері Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты Премьер-министр тОлжас Бектенов халықты эвакуациялау пункттерін алдын ала дайындауды тапсырды.

Үкімет басшысы өңірлердегі жағдай бойынша кеңес өткізді. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін 12 гидробекет орнатылған. Ақсай бөгетінде қорғаныс үйінділерін күшейту және құрылымдарды инертті материалдармен бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жағдай бақылауда. Барлық авариялық-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып, өзен арналары тазартылып, жағалаулар нығайтылуда. «Қазселденқорғау» бекеттері тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта су деңгейі қалыпты шекте.

Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдік су сорып шығару және су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Барлық қажетті күштер мен құралдар кез келген жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет етуге дайын.

Жалпы, су тасқыны қаупі жоғары өңірлерде Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен техникалары, оның ішінде авиация алдын ала күшейтілген. Құтқару бөлімшелері, инженерлік және авариялық-құтқару техникасы тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мол болады деп күтілуде. Осыған байланысты Премьер-министр Бектенов өңір әкімдіктері мен ТЖМ-ға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эвакуациялық пункттер мен көлік дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларға әрекет ету жоспарларын жаңарту жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар сел қаупі бар өңірлерде мореналық көлдердің жағдайын қатаң бақылауда ұстау, оларды уақытылы босату, сел ұстау құрылыстарының дайындығын тексеру тапсырылды. Экология министрлігіне гидробекеттерде күнделікті бақылау жүргізу және ауа райы болжамын қадағалап, дауылды ескертулерді уақтылы жеткізу міндеттелді. Су ресурстары министрлігіне гидротехникалық нысандардың жағдайын бақылау және трансшекаралық өзендер бойынша деректер алмасуды қамтамасыз ету жүктелді.

Бұдан бөлек, Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкімдіктеріне жағдайды ерекше бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.

Еске салсақ, 1 шілдеде Алматы тауларында сел қаупі жарияланып, Іле-Алатау жотасындағы Қаскелең шатқалында өзен көпірді зақымдаған. Сондай-ақ Алматы облысы Қарасай ауданында карьер аумағындағы топырақтың жылжуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында нөсер жаңбырдан кейін 85 тұрғын үйдің ауласы су астында қалған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі