Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов бизнес нысандарын коммуналдық желілерге қосуды жеңілдетуді тапсырды

Бектенов бизнес нысандарын коммуналдық желілерге қосуды жеңілдетуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр  Олжас Бектенов бизнес нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу мерзімдерін қысқартуды және  қызметтерді цифрландыруды тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыруды жеделдетуді және оларды көрсету үшін белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тікелей ықпал ететін факторлардың бірі. Алайда бизнес өз нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу үшін көп уақыт жоғалтады. Мұндай қызметтерді көрсетуге қатысты өтінімдерді қарау мерзімдерін созбай, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету қажет», - деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде монополия субъектілерінің белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, қызметтерді цифрлық форматта көрсетуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі