М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің түлегі, тарих пәнінің мұғалімі Сәт Айтұғанұлы қазақтың даңқты қолбасшысы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының бұрын көпшілікке жарияланбаған тарихи фотосуреттерін анықтады, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жаңалық – ұлттық мұраны зерттеу мен сақтауға қосылған маңызды үлес әрі оқу орны түлектерінің ізденісі мен кәсіби жетістіктерінің көрінісі.
Айта кетейік, Сәт Айтұғанұлы 2017 жылдан бері Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолына қатысты тарихи деректерді жинақтап, зерттеумен айналысып келеді. Бүгінде ол Тараз қаласындағы білім беру мекемелерінде тарих пәнінен сабақ беріп, жас ұрпаққа батырдың өнегелі өмірі мен рухани мұрасын насихаттап жүр.