Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Батыс Қазақстандағы апатта полицей қаза болды

Батыс Қазақстандағы апатта полицей қаза болды

Үш адамның өмірін қиған жол апаты "Атырау-Орал" тас жолының 264-ші шақырымында болды. Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. "Атырау-Орал" тас жолында болған көлік апатында Ақжайық аудандағы полиция бөлімінің басшысы қаза болды, деп хабарлайды "Мой Город" порталы.

30 жастағы Айболат Нұрлыбеков жол апатына түскен. Volkswagen Sharan мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза болды. Айболат Нұрлыбеков Ақжайық ауданындағы Тайпақ полиция бөлімі басшысының міндетін атқарған. Артында 9 және 3 жасар екі баласы қалды.

Апат 2 қараша күні сағат 20:30-да болған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 36 жастағы Volkswagen Sharan көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткенін айтты.

"Volkswagen машинасы жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды", -деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне ("көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы") сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.


sputniknews.kz
Автор
Айбар