"Өзіміздікі - өндірістікі..." Қазақстанда қандай ауыл шаруашылығы техникасы жасалады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Басын жарған, аяғы көгерген»: Меркіде қаза болған әйелдің құрбысы жан түршігерлік жайттарды ашты (ВИДЕО)

«Басын жарған, аяғы көгерген»: Меркіде қаза болған әйелдің құрбысы жан түршігерлік жайттарды ашты (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Құрбысының айтуынша, марқұм тұрмыста болған кезінде бірнеше рет күйеуінен таяқ жеген.

Меркіде қайтыс болған әйелдің жақын құрбысы танымал журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, қайғылы жағдайдың мән-жайын баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

Құрбысының айтуынша, марқұм тұрмыста болған кезінде бірнеше рет күйеуінен таяқ жеген. Ол әйелдің соңғы кездердегі жағдайын да айтып берді.

«Ол барни жегісі келген. Баласына біреуін береді. Өзі біреуін алады. Жеп тұрған кезде күйеуі бұны балаға алып келдім ғой, сен неге жеп жатырсың дейді. Ұрысқан соң жегісі келмейді ғой кез-келген адам. Болды, жемеймін деп кеткен. Енесіне барып мән-жайды айтқан. Күйеуі сосын "неге менің мамамды сыйламай жатырсың?" деген. "Неге мамама сөз қайтарасың?" деп ұрған оны. Тұрмысқа шыққан екі жылда 5-6 рет шамамен таяқ жеді. Сабалаған шыбықтың іздері бар. Тырналған, аяғының бәрі көгерген, басын жарған, астынан қан тоқтамайды. Баласы түсіп қалған сияқты. Маған аяғым ауыр деп айтты. Шашының бәрі сабан-сабан. Қораның ішінде ұрған ба деп ойладық. Бүйрегі ісіп кеткен», – деді ол.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.