1 қыркүйектен бастап мектептерде не өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Күйеуі “куәгер” ретінде тұр”: Меркіде қаза болған әйелдің ісі туралы сұмдық жағдай айтылды

“Күйеуі “куәгер” ретінде тұр”: Меркіде қаза болған әйелдің ісі туралы сұмдық жағдай айтылды

Журналист Жан Ахмадиев Жамбыл облысы Меркі ауданында 19 жасында қаза болған Мадинаның қайын жұртына арнайы барып, қайғылы оқиғаға қатысты мән-жайды анықтауға тырысты. Ол марқұмның отбасы мен жақындары туралы бірқатар дерек жинағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қоғам белсендісі болған оқиғаға байланысты өз алаңдаушылығын жасырмай, Мадинаның тұрмыста көрген қиындықтары туралы айтылған мәліметтерге тоқталды.

Журналистің сөзінше, Мадинаны күйеуі бір бөтелке сусын мен тәттіге қатысты да ұрысқан деген ақпарат естіген. Бұл дерек Жан Ахмадиевтің наразылығын тудырған.

«Мадинаны күйеуі барни тұрмақ, бір бөтелке Maxi Tea үшін де ұрысқан дегенді естігенде төбе шашым тік тұрды. Сонда 19 жастағы қыздың көрген қорлығының бағасы бір тәтті мен бір бөтелке сусын болғаны ма?» – деді ол.

Ахмадиевтің пікірінше, егер бұл ақпарат расталса, мәселе белгілі бір тағам немесе сусында емес, адамға деген қарым-қатынаста жатыр. Ол жас қыздың тұрмыста қандай жағдайды бастан өткергенін анықтау маңызды екенін атап өтті.

«Мадина бөтеннің дүниесін сұраған жоқ, байлық талап еткен жоқ. Бірақ осындай болмашы нәрсенің өзі отбасында жанжалға себеп болғаны айтылып отыр. Егер бұл рас болса, мәселе Barni-де де, Maxi Tea-да да емес. Мәселе – адамға деген қарым-қатынаста», – деп жазды журналист.

Ол марқұмның өмірінің соңғы кезеңінде қандай жағдайларға тап болғанын жан-жақты зерттеп, істің ақ-қарасын анықтау қажет екенін айтты.

«Бүгін Мадина арамызда жоқ. Сондықтан оның көргенін, басынан өткергенін анықтау – біздің міндетіміз. Бұл істің ақиқаты ашылуы керек», – деді Жан Ахмадиев.

Сонымен қатар журналист жариялаған видеода Мадинаның күйеуі аталған қылмыстық іс бойынша әзірге «куәгер» мәртебесінде тіркелгені айтылды.

Оқиғаға қатысты түпкілікті бағаны тергеу мен сот анықтайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.