Басты тақырып

Басқарма басшысы ауысты. Алматыда жетімдерге арналған қоғамдық жобаны қарамағына алмақ

Басқарма басшысы ауысты. Алматыда жетімдерге арналған қоғамдық жобаны қарамағына алмақ

БҰҰ-ның мүгедектігі бар адамдардың құқығы туралы конвенциясын және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыратын механизмдерді жасап шығаруға бағытталған, ең бастысы, ментальды ауытқуы бар азаматтардың ауру белгілерін «тұншықтырмай, керісінше емдеп-жазуға бағытталған «Қамқор отау» жобасын Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы өз қарамағына алмақ. Бұған себептері де жоқ емес.

Алайда 2017 жылдан бері Прага, Амстердам, Париж, Будапешт және Нью-Йорк қалаларындағы әріптестердің тәжірибесіне сүйене отырып, "Қамқор отау" жобасының негізін салушылар мұндай өзгерістің бенефициарларды суицид жасауға итермелеуі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Сондай-ақ, басшы ауысқан сайын жобаның қоғам үшін өзектілігін түсіндіру қиынға соғатынын алға тартады.

Осы және өзге де өзекті мәселелер 4 наурыз күні сағат 13:00-де Zoom платформасында талқыланбақ.

Қатысамын деуші қоғам белсенділері, заңгерлер, журналистер, қарапайым қала тұрғындары - бәріне есік ашық. Ең төменде көрсетілген мекенжай бойынша offline қатысуға рұқсат.

Спикерлер:


  • Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының өкілі;

  • Эльвира Азимова - ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл;

  • Мануэль Мартинез – халықаралық психианализ ассоциациясының мүшесі, психоаналитик, тәуелсіз сарапшы;

  • Тамара Асимова – психиатр, психотерапевт, профессор;

  • Анна Құдиярова – жоба авторы, Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры;

  • Бакытжан Құдияров – "Психоаналитикалық ассоциация";

  • "Демеу" әлеуметтік қызмет орталығы;

  • жоба мүшесі - Гүлнәр Сағиева

  • жоба мамандары.


Конференцияға қосылу үшін сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/81516571802?pwd=TzhOdFNBaEMya2loVmpoRzljeXh1QT09

Идентификатор: 815 1657 1802
Код: 000

Мекенжай: Алматы қ-сы, Мамыр-4 ықшам ауданы, 200Б, Психоанализ орталығы (https://go.2gis.com/pf5sds)

Уақыты мен күні: 13:00, 4 наурыз, 2021 ж.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz