Қазақстан "+7" кодынан бас тартпайтын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Басқа әйелмен төсекте жатқан": Сұлтан мен Ақбаянның ажырасуы туралы ел естімеген дерек шықты

"Басқа әйелмен төсекте жатқан": Сұлтан мен Ақбаянның ажырасуы туралы ел естімеген дерек шықты
Dalanews.kz коллажы

Сот отырысында марқұмдардың туысы Әдемі Шылмағамбетова жауап берді. Оның айтуынша, Наурыз Мұқанғалиевке тиесілі малдың сатыла бастауы туыстарының күдігін туғызған, деп kznews.kz. тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әдемі Шылмағамбетованың сөзінше, ол Наурызбен ұялы байланыс арқылы хабарласа алмаған. Телефоны өшірулі болғанымен, WhatsApp арқылы хабарламалар келіп тұрған.

Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бастап Сұлтан Сәрсемәлиев өзін Наурыз ретінде көрсетіп, туыстарына хат жазған. Хабарламаларда Нәсіп Өтешқалиеваның, яғни Наурыз Мұқанғалиевтің анасының, аяғы ауырып, ем алу үшін Ташкентке жеткізілгені айтылған. Сондай-ақ ем-домға қаржы қажет болғандықтан, үйдегі мал сатыла бастағаны түсіндірілген.

Сотта адвокаттың сұрақтарына жауап берген Әдемі Шылмағамбетова Ақбаян Мұқанғалиеваның күйеуінен таяқ жегені туралы өзіне ешқашан айтпағанын жеткізді.

"Мен одан: "Ойланып көр, неге кетіп бара жатырсың, бесінші балаңа жүкті емессің бе?" деп сұрадым. Ол Сұлтанның басқа әйелмен төсекте жатқан суретін көргеннен кейін ажырасуға шешім қабылдағанын айтты", – деді ол сотта.

Сонымен қатар марқұмдардың туысы айыпталушының Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі абайсызда болды деген уәжімен келіспейтінін мәлімдеді.

Әдемі Шылмағамбетованың айтуынша, Наурыз "өзі жанжал шығаратын адам болмаған".

Ол алдын ала тыңдау кезінде Сәрсемәлиевтің айтқан сөзіне де тоқталды. Бұған дейін айыпталушы қылмысқа Ақбаянның туыстары олардың отбасылық қарым-қатынасына араласқаны себеп болды деген мазмұнда уәж айтқан еді.

"Бұл тұтас бір отбасын жоюға себеп бола ала ма?" – деді Әдемі Шылмағамбетова сот залында.

Атыраудағы бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер