Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Барлық зейнетақы көтеріледі“ - министр зейнетақы мен жәрдемақы туралы

“Барлық зейнетақы көтеріледі“ - министр зейнетақы мен жәрдемақы туралы

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру туралы сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы бюджетте зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға 622 миллиард теңгеден аса қаржы қарастырылған. Оларды 10 пайызға дейін көтеру жоспарланып отыр, бұл болжамды инфляция деңгейіне сәйкес келеді, қазір ол - 10,5 пайыз.

"Барлық зейнетақы көтеріледі: ынтымақты зейнетақы, базалық зейнетақы. Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша төлемдер, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және оларға күтім жасайтын ата-аналарына төленетін жәрдемақылар, асыраушысынан айрылу бойынша тағайындалатын жәрдемақы - негізгі базалық көрсеткіштер көтеріледі", - деп сендірді Светлана Жақыпова.

Министр өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетінін айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.