Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Банктер енді барлығына бірдей несие бермейді

Банктер енді барлығына бірдей несие бермейді
Фото: Петр Ковалев / ТАСС агенттігі

Қазақстанда тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны бәсеңдеп, бизнеске берілетін кредиттер көлемі артып келеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, соңғы жылдары халыққа берілетін несиелер жыл сайын шамамен 30 пайызға дейін өскен. Осыған байланысты Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелеуді шектеуге бағытталған бірқатар шара енгізген. Атап айтқанда, секторлық контрциклдік капитал буфері енгізіліп, несие беру талаптары күшейтілді.

Сонымен қатар банктердің ұзақ мерзімді тұтынушылық қарыздарды рәсімдеу мүмкіндігі шектеліп, салықтық саясатқа да өзгерістер енгізілді. Енді халыққа берілген несиелерден түсетін табысқа 25 пайыз салық салынса, бизнес несиелері бойынша корпоративтік табыс салығы 20 пайыз деңгейінде қалды.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, бұл өзгерістердің нәтижесінде тұтынушылық несиелердің өсу қарқыны шамамен 10 пайызға дейін төмендеген. Ал кәсіпкерлік секторын қаржыландыру көлемі 18 пайыз деңгейінде өсіп, тұрақты динамика көрсетіп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.