Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Балғынбек Имаш: «Ринат екеуміз сол күні-ақ ымыраға келдік»

Балғынбек Имаш: «Ринат екеуміз сол күні-ақ ымыраға келдік»

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп хабарлайды Massaget.

Оның айтуынша, Ринат Зайытовпен сол күні-ақ хабарласқан.

 «Біз бөлінбейміз! Біздің пікіріміз әртүрлі деп сіздер де бөлінбеңіздер. Бөріге жем болмайық. Айтыстарда қарсыласымызбен айтысқан кезде бір отбасының өзі екіге жарылып, күйеуі бірімізді қолдаса, әйелі бірімізді қолдап, көрермен қақ жарылып жатады.

Кешелі бері Ринатқа байланысты әңгімемізге де халық қақ жарылып жатыр. Көп азамат ымыраға шақырып жатыр, түсінбей жатыр. Бірақ Ринат екеуміз сол күні-ақ телефонмен келісіп, бір-бірімізбен сөйлесіп, ымыраға келген болатынбыз. Уайымдамаңыздар.

Ел бір болсын, намазхан болсын, басқа болсын, бір қазақпыз. Ел іші ажырап, ыдырап кетпесін деп алаңдаушылықпен салып отырмыз. Ринатты қолдаңыздар, еш қарсылығым жоқ. Ринатқа қарсы емеспін, бір-екі пікіріне қарсы болғанмын, кез келген адамның құқығы», - дейді ол.

фото: ғаламтордан
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары