Нұрбек Мұхаммедтің анасы: «Біз бұл балабақшаға келіп жүргенімізге небәрі 2-ақ жыл болды. Шынымды айтсам, баламда мүлдем қабілет жоқ еді. Үйде өзімен өзі жүрген бала ғой. Бірақ осы балабақшаға кіргелі баламның көзі жанып, әр түрлі өнерге деген қызығушылығы оянды. Балам сахнаға шыққанда қатты толқыдым» десе, Амантай Батырханның анасы: «Бұл – біздің бірінші байқауымыз емес. Осының алдында Халықаралық байқауда актерлік шеберлік бойынша бақ сынаған едік. Ол жерде де бізге гран-при бұйырды. Негізі баламда 1 жас 7 айынан бастап өнерге қабілеті барын байқағанбыз. Бірақ аса мән бере қоймадық. Балабақшаның арқасында енді сахнадан бой көрсетуде. Ана ретінде баламның мұндай жетістігін көру – мен үшін үлкен бақыт» деп қуанышын жасырмады.Расымен, ата-аналар айтқандай, саны да, сапасы да жоқ бала-бақшалардың қасында Алматының шетінде орналасқан Чудо-детки бала-бақшасы озық екені анық. «Өнерлі бала өнерлі тәрбиешіден» екенін ескерсек, бұл жерде хореограф Таланды Ошакбаевнаның, әдіскер әрі жетекші Жанар Сәттібекқызының және балабақша меңгерушісі Маруан Тохановнаның үлесі зор-ақ...
Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ