Жаңалықтар

"Балалар арамызға көпір салады": Тұрсынбек Қабатов отбасына қайта орала ма? (ВИДЕО)

"Балалар арамызға көпір салады": Тұрсынбек Қабатов отбасына қайта орала ма? (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Жанар Байсеміз жүргізген подкасттағы сұхбатынан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қайырлы кеш, достар! Кейде өміріңнің бір сәті бүкіл елдің әңгімесіне айналып кетеді екен... Қоғамдық назардың ортасында қалдым. Подкасттан шыққан сәтте жеңілдеп, жүрегім тыныштық тапқандай болған едім. Бірақ эфир жарияланған соң сезімдерім сан құбылды. Маған жылы сөз айтып, қолдау білдірген жандарға үлкен рақмет! Әсіресе психологтар мен сарапшыларға айрықша алғыс айтамын. Сол сұхбатқа мен ешқандай есеппен немесе біреуге зиян келтіру мақсатында барған жоқпын», – деп жазды ол әлеуметтік желісінде.

Продюсер ер адамның әрекетінен қатты күйзелгенін де жасырмады.

«Жүрегім жылап тұрса да, сыртымнан күліп, жарамды жасыруға тырыстым. Бірақ ер адамдарға деген құрметім азайған жоқ. Өйткені олар барда біз әйелміз, нәзікпіз. Өмір – сынақ. Сондықтан ешкімге реніш сақтамаймын. Түк кінәсі жоқ балалардың жүрегін ауыртпаңыздар. Қазір менің бар мақсатым – өзімді және бес баламды қамтамасыз ету. Шығармашылығым хайп үшін емес, өмір сүру үшін», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Ол подкасттағы қателігіне де тоқталды.

«Сандармен шатасыппын, 21 емес, 22 жылдық некем болған. Сол жылдар мені шыңдады, ана, жар ретінде кемел етті. “14 жыл шыдағаныңыз қалай?” деген сұрақ көп қойылды. Мен сол кезде шешім күтіп, үмітпен өмір сүрдім. Үміт жылдарымды ұрлады. Бірақ мен балаларымның әкесіне жамандық тілемеймін. Байланыс үзілгенімен, балалар – біздің арамыздағы мәңгі көпір», – деді ол.

Продюсер сұхбат арқылы қоғамда өзіне жиі қойылатын “Ажырасқаныңыз рас па?” деген сұрақтан босап, жеңілдегенін атап өтті.

«Біздің жағдайдың ерекшелігі – атақта емес. Әйелдер менің оқиғамнан өз жарасын таныды. Дайректім мен ватсабыма келген хаттардан түсінгенім – опасыздық көрген әйел өте көп. Мен тек үнсіздікті бұздым. Өмір жалғасады. Қызықтың бәрі алда! Баршаңызға алғыс! Барлық әйел сүйікті, аналар мен балалар бақытты болсын!», – деп түйіндеді Мөлдір Мұқан.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz