Бала асырып алу туралы реферат
02.12.2020
02:44
0
1
Тақырыбы: Бала асырып алу
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Асырап алу шарттары
- Бала асырап алу туралы заңдар
- тексерілетін тұрғын үйде тіркелген адамдар, сондай-ақ нақты тұратын адамдарды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық, санитариялық жай-күйі туралы актіні;
- әрқайсысының ерекше белгілерін көрсете отырып, тұрғын үйдегі мүліктің тізімдемесін жасайды.
- бір данасы тиісті тұрғын үй орналасқан аумақтағы органда;
- екінші данасы баланың заңды өкілдерінде болады.
- Еркін нысанда ресімделетін балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беру үшін рұқсат алуға өтініш;
- 10 жасқа толған, тұрғын үйге меншiк құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы бар кәмелетке толмаған баланың келісім-анықтамасы;
- Заңды өкілдің және балалардың жеке басын куәландыратын; балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру немесе білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру туралы құжаттардың көшірмесі;
- Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
- Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) және иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ).
- Психикалық аурулар.
- Маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға әуестік.
- Туберкулез.
- Жыныстық қатынаспен таралатын аурулар.
- Алапес.
- Дәнекер тіндердің ауыр сырқаттары.
- Мүйізденуі бұзылған ауыр дерматоздар.
- Созылмалы ауыр буллезды дерматоздар.
- 1, 2 топтағы мугедектік (қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі бойынша).
- Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.
- Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:
- Осы баптың 2-тармағында көрсетілген балалар бастапқы, өңірлік сияқты, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығына қарамастан балалардың туыстарына асырап алуға берілуі мүмкін.
- Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
- Баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты комиссияның қорытындысы негізінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган береді.
- Комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қатынасуға, баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын тексеріп-қарау актісін, жиынтық табыс мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға міндетті.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім-балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.
- Бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін, табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық хал-жайы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалар береді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алушы баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.
- Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті.
- Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар. Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
- Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті жалпы орта білім алғанға дейін білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.
- Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
- Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет.
- Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органнан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткенге дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
- Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.
- Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.
- заң кеңесшісі ретінде практикалық жұмыс тәжірибесін алу
- кәсiби дайындық сапаны жақсарту
- заңға маманның тәрбиесi құрмет сарынмен
- білімін жақсарту
- студенттің заңнамамен жұмыс істеуін тексеру құқық салаларының кең қамтуы оқылған теориялық материалды маған меңгеруге мүмкіндік берді.
- 1.http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/_family/guardianship/article/save_propof_orphans30&lang=kk
- Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
- http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ