Астанада «Бәйтерек» монументінің маңында тренд видео түсірген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сот мәліметінше, 27 сәуірге қараған түні бойжеткен Нұржол бульварында әлеуметтік желіге арналған бейнеролик түсіріп, әсерлі кадр жасау мақсатында шампанды жерге шашқан. Кейін аталған видео Instagram желісінде жарияланып, әкімшілік іс бойынша дәлел ретінде қаралған.
Сот отырысында блогер өз кінәсін толық мойындап, түсірілімнен кейін қоқысты жинап кеткенін айтқан. Бұл жайттар жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Нәтижесінде сот оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салды. Ал қоғамдық жұмыстарға тарту жазасынан бойжеткен бас тартқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Бәйтерек маңында әдепсіз фото түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған студент бес тәулікке қамауға алынған.