Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бахрейнде қазақстандық қыздарды жезөкше болуға мәжбүрлеген

Бахрейнде қазақстандық қыздарды жезөкше болуға мәжбүрлеген

Қыздарды қонақүйде жұмыс істеуге шақырып, секс-құлдыққа салған. Олар қазір мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді


Бахрейнде секс-құлдықтан 21 қазақстандық әйел босатылды. Олар мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді, кейін елге оралады.

"Сауд Арабиясы корольдігіндегі Қазақстан елшілігі Бахрейн полициясының көмегімен 21 қазақстандық секс-құлдықтан босатылды", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Қыздарды Бахрейнге қонақүйде жұмыс істеуге шақырған. Манамада (Бахрейн астанасы) төлқұжаттарын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұған көнбеген қыздарға күш көрсетілді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Арасында Қазақстан азаматтары да бар. Тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство ақпаратында. 

Зардап шегушілер мамандандырылған оңалту орталығына жеткізілді, кейін елге оралады.


sputniknews.kz

Автор
Айбар