"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Үш минутта айрылып қалдым": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің қазасынан кейін алғаш рет ел алдына шықты (ФОТО)

"Үш минутта айрылып қалдым": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің қазасынан кейін алғаш рет ел алдына шықты (ФОТО)
Коллаж: turkystan.kz

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің жары өмір мен өлімнің арасы бір сәт екенін айтып, жан жарына деген сағынышы мен ауыр қайғысын ашық жеткізді. Оның сөзінше, құдай қосқан қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн тату-тәтті ғұмыр кешкен.

Бағдат Әшімованың айтуынша, өмірлік серігінен небәрі үш минуттың ішінде айырылып қалу – оның өміріндегі ең ауыр соққылардың бірі болған.

"Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23 жыл, 1 ай, 3 күн бірге өмір сүрген Құдай қосқан қосағымнан үш минутта айрылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. Қайғы бөліссе азаяды деп көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін.Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер, ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып, егіліп шығарып салдыңыздар. Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын, сол жандардың алақан жайып Алладан сұраған бата тілектерін Алла қабыл етеді, пейіштен орын береді дейді. Әумин! Әр шаңырақта бақ-береке болсын. Балаларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын", – деп жазды Бағдат Әшімова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер