Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Басымды көтерші деді": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің соңғы сәттері туралы айтты

"Басымды көтерші деді": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің соңғы сәттері туралы айтты
ашық дереккөзден

Қазақ киносының аңызы, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова актердің өмірінің соңғы минуттары қалай өткенін еске алды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Оның айтуынша, Халық әртісі соңғы сәтіне дейін сөйлесіп отырған.

"Үш минут...Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп отырды. "Белім ауырып тұр. Кеудеме ауруы беріп тұр, біраз жатайыншы" деді. Жатқан соң, "басымды көтерші" деді, көтердім. "Тағы да көтерші" деді, көтердім. Болды...көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды. Ол кетіп қаламын деп ойлаған жоқ. Жасанды дем бердік, жүрегіне массаж жасадық.Бірақ...үш минутта кете барды", – дейді Бағдат Әшімова. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер