Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік реферат
01.12.2020
13:22
0
0
Тақырыбы: Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Жоспар
Кіріспе
I. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
1.1 Бағалы қағаздардың түрлері
1.2 Қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздардың түрлері
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) байланыста болады. Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде: Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік, бағалы қағаздардың түрлері, бағалы қағаздардың негізгі белгілері, мемлекеттік бағалы қағаздар, ал екінші бөлімде: Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы, Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиясы, ал соңғы бөлімде: Бағалы қағаздар нарығын реттейтін және бақылайтын органның қызметтері, қазір әлемдік практикада көп кездесетін бағалы қағаздар, сонымен осы аталған бөлімдердің жалпы қортындысы және соңында қолданылған әдебиеттер тізімі. Қоғамда құбылыстар мен процесстер үнемі өзгерісте болады дамып немесе кеміп отырады, яғни елдің бағалы қағаздар нарығын талдау ең маңызды жұмыстардың бірі деп санаймын.
- Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
- Реттелінген тауар нарығының болуы, яғни кезкелген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;
- Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
- Кредит нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Ұлттық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
- Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының–меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының соның ішінді мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
- Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
- Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
- Мемлекеттік;
- Муниципалдық;
- Мемлекеттік емес.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ