KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Ажырасып кеткеніме қуанамын”: Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сынға қалды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Әнші Балжан Бидаштың бұрынғы жұбайы, актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі пікірінен кейін жұрттың наразылығына ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Белгілі актер жуырда үшінші рет отбасын құрған болатын. Алайда ол журналист Мөлдір Мұқанның сұхбатынан кейін Threads әлеуметтік желісінде жазба қалдырып, көпшіліктің назарына ілікті.

«Подкаст дамымай тұрып ажырасып кеткеніме қуанып отырмын», – деп жазды Отарғалиев.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында үлкен пікірталас тудырды. Көпшілік актердің сөзіне сын айтып, кейбірі бұрынғы жұбайына қатысты мұндай пікір білдіруді орынсыз деп бағалады.

Пікірлердің бірқатары былай деп жазылған:

«Сені подкастсыз-ақ та ешкім жақсы көрмейді»,
«Сөзім жоқ. Бидаш осыдан кеткені жақсы болды»,
«Тыныш отыра бермейсіз бе?!»,
«Сіз де тым жақсы қызды алып, тұншықтырып тастадыңыз ғой»,
«Бұл жерде пікір білдіргенің үшін өкінесің-ау».

Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі актердің жеке өміріне қатысты пікір білдіруін әдепсіздік деп санап, оның әрекетін сынға алды. Ал кейбірі бұл жазбаны әзіл ретінде қабылдаған.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары