Қоғам

“Өте ерсі қылық”: Ұзатуда бірінші өз анасына гүл сыйлаған жігіт сынға қалды

“Өте ерсі қылық”: Ұзатуда бірінші өз анасына гүл сыйлаған жігіт сынға қалды
Фото: sn.kz

Әлеуметтік желілерде ұзату тойда күйеу жігіттің гүл шоқтарын бірінші өз анасына табыстаған сәті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаға қатысты видео “sw.balzhan” атты TikTok парақшасында жарияланған. Автордың айтуынша, ол бұл сәтті күтпеген, алайда ұлының өзіне гүл сыйлағаны көңілін босатқан.

“Қыз ұзатуда ұлымнан гүл күтпедім. Гүлді бірінші маған бергенде көзіме жас алдым”, – деп жазған ол.

Бірақ желі қолданушылары бұл әрекетті құп көрмей, күйеу жігіттің қателескенін жарыса жазды. Көпшіліктің пікірінше, дәстүр бойынша гүл алдымен қалыңдықтың анасына берілуі тиіс, өйткені құдалар қыздың қолын сұрап тұрған жақтан келеді.

Пікір қалдырғандар арасында:

“Болашақта балам осылай берсе, кіретін тесік таппай қалатын шығармын”,

“Қызды сұрап барып тұрған соң, көзбояушылықтың қажеті жоқ”,

“Анасына гүл беретін басқа уақыт табылады”,

“Дәстүр бойынша алдымен қыздың анасына, кейін жігіттің анасына, одан соң қалыңдыққа беріледі”,

“Өте ерсі қылық, бұл ұзату той – ең алдымен қыздың анасына деген құрмет болуы тиіс”, “Ұлын әлі үйлендірмей-ақ қойғаны дұрыс еді, мамасының баласы көрініп тұр”, - деген сыни пікірлер көп болды.

Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай әрекет болашақ келінге деген құрметсіздік ретінде қабылданады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz