Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жаның жәннатта болсын”: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы желіде сынға қалды

“Жаның жәннатта болсын”: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы желіде сынға қалды
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде тараған видеода «Малой братан» лақап атымен танымал блогердің әзілкештен бата сұрағаны көрінеді. Сол сәтте Уәлибек Әбдірайымовтың жанында актер Жүсіп Ақшора да болған.

Әзілкеш әрі актер Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылары оның сөздеріне қатысты түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда әзілкештің бата кезінде айтқан сөздері желі қолданушыларының көңілінен шықпаған.

«Жаның жәннатта болсын. Әй, Андрей, мына қазақтың ортасында абыройың өссін. Әй, жүр. Әумин», – деген ол.

Видеоны көрген оқырмандар батаның мазмұнын сынға алып, әзілдің де шегі болуы керектігін жазды. Кейбірі өнер иесінің сөздерін орынсыз деп бағаласа, енді бірі оның сол сәттегі жағдайына қатысты болжамдарын бөлісті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.