Үндістанның Бихар штатында автотұраққа байланысты жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды kznews.kz CSR арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Форбсгандж қаласында болған. Рави Чаухан көшеде сусын сатып тұрған кезде оған жүргізуші Али Хусейн келіп, автотұрақтағы көлік қою орны үшін дау басталған. Аз уақыт ішінде жанжал төбелеске айналып, Чаухан пышақ алып, Хусейннің басын кесіп тастаған.
Осыдан кейін қаза тапқан адамның туыстары кек алуға бел буған. Олар жергілікті тұрғындармен бірге Чауханды үйінен тауып, күшпен сыртқа шығарып, таяқпен ұрып өлтірген. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға құқық қорғау органдарының көз алдында болған, олар сол жерге төбелес туралы хабар бойынша келген.
Полиция аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Тергеу жалғасуда.