Үндістан бақылауындағы Гималай аймағында тау жолында болған автобус апатынан шамамен жиырмаға жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 20 сәуір күні таңертең Удхампур ауданында болған. Ішінде 60-тан астам жолаушысы бар жолаушылар автобусы Рамнагардан Удхампурға бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өткір бұрылыста автобус авторикшамен соқтығысып, жолдан шығып кетіп, шамамен 30 метр биіктіктен құлап кеткен.
Жергілікті әкімдік өкілі Прем Сингхтің айтуынша, оқиға орнында 19 адам көз жұмған, тағы екеуі кейін ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккендер саны әртүрлі деректер бойынша 29-дан 61 адамға дейін жетеді, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр.
Жарақат алғандардың қатарында соқтығыс сәтінде авторикшаның ішінде болған адамдар да бар. Құтқару қызметтері жеткенге дейін зардап шеккендерге алғашқы көмекті жергілікті тұрғындар көрсеткен.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, бұл апат туралы естудің өзі «ауыр тиетінін» мәлімдеді.