Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауыр дерттен қайтыс болған Альтаирдің әкесі жиналған 96 млн теңгені өзге науқас балаларға бөліп берді

Ауыр дерттен қайтыс болған Альтаирдің әкесі жиналған 96 млн теңгені өзге науқас балаларға бөліп берді
Фото: Бейнежазбадан кескін

Елімізді елеңдеткен тоғыз жасар петропавлдық Альтаир Еркебұланның оқиғасы қайғылы аяқталды. Ауыр дертпен алысып өткен бала қаңтардың соңында көз жұмды. Алайда ұлынан айырылған ата-ана өз қайғысынан кейін де өзге балаларға үміт сыйлап, көпшілік болып жиналған қаржыны толықтай мұқтаж отбасыларға берді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Альтаир ұзақ уақыт бойы сырқатпен күресті. Оны емдетуге ел-жұрт болып ақша жинады. Ұлына көмек көбейсін, жұрт назарын аударсын деген ниетпен әкесі Данияр велошеру ұйымдастырып, қайырымдылық бастамасының басы-қасында жүрді. Бірақ бала ағзасы сырқатқа төтеп бере алмады.

Ұлынан айырылғаннан кейін Альтаирдің ата-анасы Данияр мен Меруерт көпшіліктен жиналған ем қаражатын өзге науқас балалардың еміне беруді ұйғарды. Жиналған сома — 96 миллион теңге.

Оның 45 миллион теңгесі 13 жастағы Айяна Нұртаеваға бағытталды. Айянаға жедел лимфобластты лейкоз диагнозы қойылған. Жағдайын күрделендіріп тұрған тағы бір мәселе бар: ол 1-типтегі қант диабетімен де ауырады.

30 қаңтар күні Айянаға сүйек кемігін трансплантациялау отасы жасалып, операция сәтті өткен. Қазір жасөспірім дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Айянаның отбасы Альтаирдің ата-анасына ризашылық білдіріп, жүрекжарды алғысын жеткізді.

«Сіздердің қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңыз бізді қатты толқытты. Бұл көмектің біз үшін маңызы өте зор. Ол жүрегімізде мәңгі сақталып, ұлдарыңыз Альтаирдің жарқын бейнесі мен шынайы мейірімнің белгісі болып қала береді», — деді қыздың әкесі.

Қалған қаражат Алмаз Түсіпбек пен Дария Қожахметоваға бөлінді. Екеуі де қымбат емге мұқтаж.

Қайғы қанша ауыр болса да, жақсылықтың жолы үзілмейді. Бұл оқиға соның айқын дәлелі.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер