Халық арасында кеңінен танымал "Ягода-Малина" әнінің авторы Валентина Легкоступова бірнеше күн комада жатты
Sputnik. Бірнеше күннен бері ауруханада комада жатқан ресейлік әнші Валентина Легкоступова қайтыс болды.
"Бүгін сағат 15:30-да үлгілі қыз, әлемдегі ең керемет ана және әже бола білген адамнан айырылып қалдық...", - деп жазды Анетта Бриль Instagram-да.
Айта кетсек, 11 тамызда Валентина Легкоступова өз пәтерінен басы жарылған күйде табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, әнші бірнеше күн бойы комада жатты. Кейбір деректерге сүйенсек, оның күйеуі Юрий Фирсов Валентинамен пәтерде бірге болған, бірақ кейін қашып кетіпті. Әншінің денесінде көгерген іздер болған.

© SPUTNIK / АНТОН ДЕНИСОВ
Валентина Легкоступова