ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауғанстанда жарылыстан 16 адам қаза тапты

Ауғанстанда жарылыстан 16 адам қаза тапты

Ауғанстанның Нангархар уәлаятының әкімшілік орталығы - Жалалабад қаласында 6 наурызда болған жарылыстан кем дегенде 16 адам қаза тауып, он адам жарақаттанған. Әуежайға жақын маңда орналасқан құрылыс компаниясына екі адам шабуыл жасаған. Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметі хабарлады.

Нангархар уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Аттаулла Хогьянидің айтуынша, екі жанкешті құрылыс компаниясына ғимаратына кіріп, өз-өздерін жарған. Кейін әскерилер мен қарулы топ арасында атыс басталған. Қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында құрылыс компаниясының жұмысшылары бар. Хогьянидің сөзінше, құрылыс компаниясына шабуыл жасаған адамдардың барлығын әскерилер өлтірген.

Әзірге жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ. Бұған дейін Жалалабадта бірнеше рет жарылыс болып, бұл шабуылдарды "Ислам мемлекеті" және "Талибан" ұйымдары мойнына алған.


Азаттық
Автор
Мадияр