Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваның ісі немен аяқталды?

Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваның ісі немен аяқталды?
smartnews.kz коллажы

Атырауда Мұқанғалиевтер отбасының қазасына байланысты өткен сот процесінде Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты бөлек қозғалған қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, сот отырыстарының бірінде судья Зарема Хамидуллина қылмыстық іс материалдарын, оның ішінде Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты құжаттарды жеке өндіріске бөлу туралы қаулыны жариялаған.

Сот барысында судья Мұқанғалиеваның психикалық денсаулығына байланысты ем қабылдап жүргеніне қарамастан, оған Қылмыстық кодекстің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша іс қозғалғанына назар аударды.

"Ол қылмыс туралы хабарламағаны үшін қалай жауапқа тартылуы мүмкін?" – деп сұрады судья мемлекеттік айыптаушыдан.

Кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс оның әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмауына байланысты тоқтатылды.

Қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер