Атырауда төрт адам қаза тапқан қанды оқиғаға байланысты марқұмдардың туысы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты бірқатар күмәнді мәселені көтерді, деп хабарлайды kznews.kz.
Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, сот отырысында айтылған кейбір деректерден кейін туыстарда заңдылыққа қатысты сұрақтар пайда болған. Ол Ақбаян Мұқанғалиеваның құжаттарына байланысты әрекеттердің қаншалықты заңды болғанын анықтау қажет деп санайды.
"Сұлтанның апасы (әпкесі) Ақбаянның құжатымен жүргені, яғни ауруына байланысты шешім қабылдаy мақсатында жүргені туралы айтқан болатын. Сол сот отырысынан кейін бізде сұрақ туындады. Егер де, олар 2022 жылы заң жүзінде ажырасқан болса, олар қалай әке-шешесінің рұқсатынсыз, Ақбаянның рұқсатынсыз құжат жинақтаған. Бұл қаншалықты заңды? Адвокатымыздан сұрадық. Өзімен (Сұлтанмен) бірге Ақтауға алып баруының, өзімен бірге Қазақстанның шекарасынан өтіп, Өзбекстанға баруының бәрін қылмыстық іс деп санаймын. Ақбаянға ақыл-есінің кемістігі туралы шешім қабылданған болса, бұл – заңды елемеу", – деді Шалқар Мұқанғалиев.