1 млрд $: Үкімет тағы да сырттан қарыз алатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Әйелім операцияда жалғыз қалды": Сәрсемәлиев сотта қайын жұртына қатысты тың дерек айтты

"Әйелім операцияда жалғыз қалды": Сәрсемәлиев сотта қайын жұртына қатысты тың дерек айтты
Dalanews.kz коллажы / ЖИ

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев отбасы ішіндегі бұрынғы жанжалдарға тоқталып, әйелінің ауруханада операцияға түскен сәтін еске алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сәрсемәлиевтің сотта айтқан сөзінше, бір күні түнгі сағат 12 шамасында оған дәрігер қоңырау шалған. Дәрігер әйелінің шұғыл операцияға кіретінін айтып, ауруханаға келіп қолхат беруі қажет екенін жеткізген.

"Дәрігер әйелімнің отаға кіретінін айтты. "Сен керексің, қолхат керек. Әйеліңнің аяғы ауыр. Балаңа да, әйеліңе де кепілдік бермейміз, операция болады" деді", – деді айыпталушы сотта.

Оның сөзінше, сол кезде ол дереу ауруханаға бармақ болған. Алайда әйелінің әкесі мен қайын ағасы бұған қарсы шыққан. Сәрсемәлиев олардың балалармен үйде қалуын талап еткенін айтты.

"Мен барамын дегенде қайын атам да, қайын ағам да қарсы болды. "Баланы бағып үйде отырасың. Егер кетсең, балаларды өз анаңа апарып тастайсың" дегендей қорқыныш болды", – деді ол.

Айыпталушы бұл жағдай өзіне ауыр тигенін жеткізді. Оның айтуынша, сол түні әйелінің жанында ешкім болмаған. Сәрсемәлиев бұл сөздерді марқұмдарды қаралау немесе өзін ақтау үшін емес, сол кездегі жағдайды түсіндіру мақсатында айтып отырғанын мәлімдеді.

Сотта ол осы оқиғадан кейін арада үлкен жанжал туғанын, тіпті жағдай төбелеске дейін жеткенін айтты. Сәрсемәлиевтің сөзінше, бұл туралы WhatsApp-та жазылған хабарламалар да болған.

"Тергеу кезінде өзімді ақтауға тырысқан жоқпын. 2024 жылдың 30 тамызында Мұқанғалиев Наурыз Әдемі апасымен WhatsApp арқылы сөйлескенде осы жағдай туралы айтқан. "Сұлтанды ұрып тастауға шақ қалдық. Баласы болған соң тиіскен жоқпыз, аядық" деген сөздер болған", – деді ол.

Айыпталушы бұл мәліметті бұған дейін сотқа ұсынбағанын айтты. Оның сөзінше, сол кезде ол болған жағдайды дұрыс түсіндіре алмаған.

"Әйелім операцияда жалғыз болды. Қасына ешкім кірмеген", – деді Сәрсемәлиев.

Қазіргі уақытта сот отырысы жалғасып жатыр. Істің нақты мән-жайы сот барысында анықталмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер